Сайланған әкімдер арнайы тексеруден өтеді

Фотография - Сайланған әкімдер арнайы тексеруден өтеді

Сайланған әкімдер тіркеуден өткеннен кейін ережеге сәйкес арнайы тексеруден өтеді

320 0

Сайланған әкімдер тіркеуден өткеннен кейін ережеге сәйкес арнайы тексеруден өтеді.

Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату тәртібі ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қағидалармен регламенттеледі.

Қағидаларға сәйкес аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен кейін 5 күн мерзім ішінде сайланған әкімдерді тіркеуі тиіс. Тіркеу туралы шешім аудан (қала) әкіміне және тиісті мәслихатқа ұсынылады. Сайланған әкім тіркелгеннен кейін бұрынғы тағайындалған әкім өкілеттігін тоқтатады.

Сонымен бірге сайланған әкімдер енді арнайы тексеруден өтеді, ол үш айдай уақыт алады.

«Әкiм лауазымына орналасу арнайы тексерiстiң оң нәтижелерiн алғаннан кейiн жүзеге асырылады. Арнайы тексерiстiң нәтижелерiн алғанға дейiн тұлға әкiмнiң мiндеттерiн уақытша атқарады», - делінген қағидалардың 6 тарауының 58 тармағында (Әкімдерді тіркеу және олардың қызметіне кірісуі»).

Мемлекет басшысы бекіткен жергіліәкті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасына сәйкес селолық (ауылдық) әкімдер қызметі сайланбалы болды. Ережеге сәйкес әкімге үкіткерлер жоғары білімді 25 жасқа толған және тиісті облыстардың аумағында тұратын ҚР азаматтары болуы тиіс. Жергілікті әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның аудандық маңыздағы қалалары, селолық округтері, кенттері, ауылдары әкімдерін сайлау 5 тамызда басталды және 9 тамызда аяқталады.

Қарағанды облысында бүгін 8 тамызда таңертеңгі сағат 11-де 16 сайлау учаскесінде қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының - таңдаушылардың отырысы болды. Облыста 601 үміткерден 202 жергілікті әкім сайланады, олардың арасында Абай және Қарқаралы қалаларының әкімдері бар - деп хабарлады ҚазАқпарат

Қазіргі кезде аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру қорытындыларын шығаруда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!