HRW Франциядан Әблязовті экстрадицияламауды сұрады

Фотография - HRW Франциядан Әблязовті экстрадицияламауды сұрады

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы француз билігін қазақстандық саясаткер, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап келе жатқан бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовті Франциядан экстрадицияламауға шақырды. 

117 0

Ұйым бейсенбіде жария қылған үндеуінде Әблязовты Қазақстанда азаптауы және оны әділ түрде соттамауы мүмкін екенін айтады. Үндеуде бұған қоса, "Франция Әблязовты Қазақстанға ұстап беретін елдерге де экстрадицияламауы тиіс" делінген.

Қазақстан үкіметі Әблязовты қаржы жымқырды деп айыптап, үстінен бірнеше іс қозғаған. Саясаткердің өзі тағылған айыптардың саяси астары бар дейді.

2005-2009 жылдары БТА банкін басқарған Әблязов 2009 жылы Қазақстаннан қашып кеткен. Оған Қазақстаннан өзге Ресей мен Украина да іздеу жариялаған.

Мұхтар Әблязов 31 шілдеде Францияның оңтүстігінде Украинаның сұрауымен ұсталды. Қазақстан Франциямен тұтқындарды экстрадициялау туралы келісім жасаспаған. Бірақ Украина мен Ресеймен арада ондай келісім бар.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!