Алматы облысында ішкі әскер сарбаздары БТР-ді сумен жүргізіп жаттықты (фото)

Фотография - Алматы облысында ішкі әскер сарбаздары БТР-ді сумен жүргізіп жаттықты (фото)

Алматы облысындағы ҚР Қорғаныс министірлігіне қарасты «Жағалау» полигонында Ішкі әскердің БТР жүргізушілері су бөгеттерінен өту жаттығуларын өткізді, деп хабарлайды тoday.kz тілшісі.

406 0

Алматы облысындағы ҚР Қорғаныс министірлігіне қарасты «Жағалау» полигонында Ішкі әскердің БТР жүргізушілері су бөгеттерінен өту жаттығуларын өткізді, деп хабарлайды тoday.kz тілшісі.

Ішкі әскер мұндай жаттығуларды алғаш рет өткізіп тұрғанын айта кету керек. Еліміздің әр түпкірінен келген 28 ішкі әскер сарыбаздары су бөгеттерінен асудың алдымен екі күндік теориялық тұсын меңгеріп, кейіннен үш күндік практикалық жаттығуға көшті. Жаттығуға нұсқаушылармен бірге жалпы 53 адам қатысты. Жаттығу күндері тамыздың бесінен тоғызы аралығы өтті.

Әрбір экипажда жүргізушінің қасына техниканы сумен жүргізуді үйрететін нұсқаушы отырады. Жаттығу өтіп жүрген сарбаздардың барлығы дерлік үш жылдан бес  жылға дейін ішкі әскер қатарында қызмет атқарып келе жатқан контрактідегі сарбаздар.

Әірге бұл жаттығудың жеңіл түрі, яғни берілген тапсырмалар  – техникамен суға кіру, суда бағытты түзеу, судан өтіп, жағаға шығу бұл басы. Кейінгі жаттығуларда қойылатын тапсырма күрделене түспек. Келесі жаттығуларда судағы әрекеттерді жақсы орындау ғана емес, тапсырманы орындауға берілген уақытта есептелетін болады.

Әскерилердің айтуынша мұндай жаттығулар Қазақстан аумағында өзендердің көп болу себепті қажет болып келеді. Оның үстіне шетелде су бөгеттерінен өту шетелде әлдеқашан қолға алынған. Сол себепті мұндай жаттығуларды үнемі өткізіп тұру және Есіл бойынан жеке полигон ашу жоспарланған.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!