Бақытжан Сағынтаев тұрғын үйлерді терең терможаңғыртуға ерекше назар аударуды тапсырды

Фотография - Бақытжан Сағынтаев тұрғын үйлерді терең терможаңғыртуға ерекше назар аударуды тапсырды

Бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру кезінде үйлерді терең терможаңғыртуға ерекше назар аударуды жүктеді

263 0

Бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру кезінде үйлерді терең терможаңғыртуға ерекше назар аударуды жүктеді.

Министр өз сөзінде бүгінде ғимаратқа терможаңғырту бойынша жөндеу жүргізілмей, бөлінген қаржыға үйдің тек алдыңғы жағы ғана боялатын фактілер кездесіп жататынын сынға алды.

«Тұрғынға үйдің алдынан қандай пайда келеді? Яғни, бұндай жұмыстар үйдің жылы болуына еш ықпал етпейді. Осы тұрғыда тек әдемілікті ғана ескерсек, екі жылдан кейін бұл әсемдіктен ештеңе де қалмайды. Ал тұрғын болса, аталған қызметтің шығынын өтеп жатады»,-деді Б. Сағынтаев.

Ведомство басшысы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын әзірлеу кезінде басты мақсат энергия тиімділігін арттыруға негізделгенін ескеріп өтті.

«Бұл бағдарламаның мақсаты - үйдің алдыңғы жағын бояу ғана емес. Егер де әкім көшелер әдемі болсын десе, онда қаржыны тауып, үйдің қасбетін бояумен айналыссын»,-деп түйді министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!