Министр «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сынға алды

Фотография - Министр «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сынға алды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев халықты ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы жұмыстарды сынға алды

606 0

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев халықты ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы жұмыстарды сынға алды.

«Көптеген сұрақтар бар, мәселен бағдарламаны іске асыру барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиімсіз жоспарлау мен үйлестіру фактілері байқалуда», - деді Б.Сағынтаев.

Министр үлгі ретінде Алматы облысындағы жағдайды мысалға келтірді. Онда кәріз жүйелерін жаңартуға 87 млн. теңге қаражат жұмсалған. Дегенмен әкімдік жоба салынатын аумақ жеке меншік болғандықтан, тиісті жерлерді бөлу жөнінде шешім шығармаған. «»Қаржы жұмсалды, алайда жер иесі ары қарай жұмыс істеуге келісімін бермеуде», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ақтас ауылында су таратушы желілерге 77 млн. теңге бөлінген. Бірақ ол желілер магистральді су құбыры салынбай жатып, пайдалануға беріліп қойған. «Яғни ақша жұмсалған, алайда су жоқ», - деді министр.

Ведомоство басшысы Павлодар облысындағы жағдайды да тілге тиек етті. Өңірде магистральді су құбырын салу жобасы жасалып, тіпті жоспарланған тұсқа төселген. Дегенмен ауылдарға ауызсу жеткізетін таратушы құбырлар қарастырылмаған. Нәтижесінде су құбыры бар, бірақ жұрт ауыл сусыз отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!