Құрылыс жүргізуге рұқсат беру үдерісі оңтайландырылады

Фотография - Құрылыс жүргізуге рұқсат беру үдерісі оңтайландырылады

Бұл туралы бүгін ҚР Өңірлік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

240 0

Қазақстанда құрылыс жүргізуге рұқсат беру үдерісі оңтайландырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Өңірлік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

«Біз әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Құрылыс секторы бойынша жұмыс тобын құрдық. Ол белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Қыркүйек айында заңнамалық және нормативтік базаға өзгерістер енгізетінімізге сенімдімін. Бірінші кезекте, рұқсат құжаттарын беру үдерісін оңтайландыру міндеті қойылып отыр. Мемлекеттік органмен жобаны келісіп, сараптаманың екі мәрте қайталанбауын қадағалау керек, сараптаманы қайта жасап, рұқсат беру уақытын 10 айдан асырмау қажет. Бұл өте маңызды жайттар», - деді Мырзахметов.

«Біз монополистердің де жұмысын ашық түрде жүргізетін болып келістік. Оған қатысты ақпарат қолжетімді болуы тиіс. Желілерге дұрыс қосылмағандар жауапқа тартылуы қажет», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!