Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовты Қазақстанға депортациялауы тиіс

Фотография - Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовты Қазақстанға депортациялауы тиіс

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.

360 0

АҚШ-та Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовқа қатысты сот үкімі шыққаннан кейін оларды Қазақстанға депортациялауы тиіс. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.

«Егер оларға қатысты нақты сот үкімі шығып, 25 жылға бас бостандығынан айыратын болса, онда соттың соңғы сөзінен кейін оларды Қазақстанға депортациялауы тиіс», - деп атап көрсетті Н. Айтмаханов.

Естеріңізе сала кетейік, Қазақстан Республикасының Нью-Йоркте орналасқан Бас консулдығынан түскен ақпаратқа сәйкес, кеше, яғни 8 тамызда Федералдық сот алқасы Қазақстан азаматтары Диас Қадырбаев және Азамат Тажаяқовқа қатысты айып тағуды қолдады. Айып екі тармақтан тұрады: біріншісі - тергеуге кедергі келтіру мақсатымен алдын ала келісім, екіншісі - тергеуге кедергі жасау, қылмыскерге көмек көрсету және араңдатушылық. Аталған айыптар бойынша олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірінші тармақ бойынша 20 жыл берілсе, екінші тармақ 5 жылды көздейді. «Сондай-ақ жазаны өтегеннен кейін олар бақылауға алынып, 250 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеп беруі тиіс. 13 тамызда кезекті сот отырысы өтеді», - дейді Н. Айтмаханов.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!