Күрдтер мен исламистердің қарулы қақтығысынан қашқан ҚР азаматшасы балаларымен бірге Сирия-Түркия шекарасын жаяу кесіп өткен

Фотография - Күрдтер мен исламистердің қарулы қақтығысынан қашқан ҚР азаматшасы балаларымен бірге Сирия-Түркия шекарасын жаяу кесіп өткен

Қазақстан Республикасының азаматшасы Халед Нина төрт баласымен бірге отанына көшірілді

149 0

Қазақстан Республикасының азаматшасы Халед Нина төрт баласымен бірге отанына көшірілді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Қазақстандық дипломаттардың хабарлауынша, отандасымыз Сирияның солтүстігіндегі Камышлы қаласында тұрған. Күрдтер мен радикал-исламистердің арасындағы қақтығыстарға байланысты аталған аймақтағы жағдай ушығып кеткен еді.

Қазақстандықтардың отбасы шекаралық бекеттерді айналып өтіп, Түркияға қарай үш-төрт шақырым жолды жаяу жүріп өтуге мәжбүр болды. Мемлекеттік шекараны бұзу фактісін ҚР азаматшасы Сирия-Түркия шекарасында қарулы қақтығыстардың жүріп жатуымен түсіндірді.

Сириядағы отандастарымызға мемлекеттік қолдау шараларына сәйкес аталмыш елдегі қазақстандық елшілік Н.Халед пен оның балаларына «Ыстамбұл-Алматы» рейсіне әуе билеттерін сатып алып берді және ұйымдастырушылық-құқықтық қолдау көрсетті.

ҚР-дың Иорданиядағы Елшілігі мен Бейрут (Ливан) және Амман (Иордания) қалаларында уақытша орналасқан Сириядағы ҚР дипломатиялық миссиясы аталған елде Қазақстан азаматтары әлі де қалып отырғанын хабарлайды. Олармен тұрақты байланыс орнатылған, қажет болған жағдайда туған жеріне көшіруге көмек көрсетіледі.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!