49 шақырымдық «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының 18 шақырымы төселді

Фотография - 49 шақырымдық «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының 18 шақырымы төселді

Қазақстанда жақында жаңа «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолы пайда болады

366 0

Қазақстанда жақында жаңа «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолы пайда болады. Қазір темір жол желісінің жұмыстары Қостанай облысының Жалғызтал ауылына жақын жерде жүргізіліп жатыр. Құрылысшылардың жұмысымен Арқалық қаласының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов танысты.

Әкімнің бұл сапары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мәминнің жұмыс сапарымен байланысты. Арқалық әкімі «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің төрағалығымен өткен жиналысқа қатысты. Жиын барысында айтылғандай, жұмыс қарқыны белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр: өңір аумағында 49 шақырым темір жол салынады, оның 18 шақырымға жуығы төселіп үлгерді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Сонымен қатар күн сайын темір жолдың төсеме үймесінің астына 46 мың текше метр жер төсемесі салынады. А. Мәмин мәлімдегендей, бұл жобаның жүзеге асырылуы - тікелей Елбасының тапсырмасы. Жұмыс сапарына шығар алдында А. Мәмин Президенттің қабылдауында болып, оған темір жол желісінің салыну барысын баяндаған. Арқалық порталының мәліметтеріне қарағанда, өңірде темір жол құрылысынан бөлек Арқалық темір жол вокзалы қайта жөндеуден өтеді және көп қабатты тұрғын үй салынады. Сонымен қатар Арқалық темір жол станциясы ғимаратының күрделі жөндеуден өткізілуі әбден мүмкін.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!