Елордада апта соңы жауын-шашынсыз болады

Фотография - Елордада апта соңы жауын-шашынсыз болады

Осы аптаның басында Астанада өткінші жаңбыр жауады, ал сәрсенбі күні ауа райы  ашылып, жауын-шашынсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, аптаның бірінші жартысында күн бұлтты, жаңбыр жауады, ал аптаның екінші жартысы жауын-шашынсыз болады.

223 0

Осы аптаның басында Астанада өткінші жаңбыр жауады, ал сәрсенбі күні ауа райы  ашылып, жауын-шашынсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, аптаның бірінші жартысында күн бұлтты, жаңбыр жауады, ал аптаның екінші жартысы жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райы жылы болады, өткінші жаңбыр жауады.

«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +21+23°C болады» деп хабарланды Қазгидрометтен.

Сейсенбі күні елордада күндіз аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді, көшпелі бұлт шығады. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +21+23°C болады.

Аптаның ортасында жауын-шашын жаумайды, күн ала бұлтты болады. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +23+25°C-ге дейін жетпек.

Бейсенбі күні күн ала бұлтты болады, жаңбыр жаумайды. Шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +23+25°C болады.

Жұма күні синоптиктердің болжамынша көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +23+25°C-ге дейін жетеді.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!