Қытай Сыртқы істер министрi Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Фотография - Қытай Сыртқы істер министрi Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз қызметкері Болат Садықов мәлім етті.

168 0

Қытай Сыртқы істер министрi Ван И жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз қызметкері Болат Садықов мәлім етті.

«17-20 тамыз күндерi Қытай Халық Республикасының Сыртқы iстер министрi Ван Идiң Қазақстанға жұмыс сапары өтеді деп күтiлуде. Сапар барысында жоғары деңгейдегi екiжақты кездесулер, оның iшiнде еліміздің Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысовпен кездесу өткiзу жоспарланған»,- деді Б.Садықов.

Оның айтуынша, екiжақты сауда-экономикалық, энергетикалық, мұнай, инвестициялық салалардағы ынтымақтастық, сонымен қатар көпжақты форматтағы өзара әрекеттестiк мәселесi басты назарда болмақ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!