Н.Назарбаев III Түркi тiлдес мемлекеттердiң ынтымақтастық саммитiне қатысады

Фотография - Н.Назарбаев III Түркi тiлдес мемлекеттердiң ынтымақтастық саммитiне қатысады

 Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз қызметкері Болат Садықов мәлімдеді.

171 0

Н.Назарбаев III Түркi тiлдес мемлекеттердiң ынтымақтастық саммитiне қатысады. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз қызметкері Болат Садықов мәлімдеді.

«16 тамыз күнi ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Әзiрбайжан Республикасының Гобала қаласында III Түркi тiлдес мемлекеттердiң ынтымақтастық саммитiне қатысады», - дедi Садықов.

Ол I саммит ҚР Президентi бастамасымен 2011 жылы Алматы қаласында өтіп, экономикалық ынтымақтастық мәмілелерiне арналғандығын еске салып өттi.

«Саммит қорытындысы бойынша Алматы декларациясына қол қойылды. Кеңес 2009 жылы құрылды. Ол Мемлекет басшылары кеңесi, Сыртқы iстер министрлерi кеңесi және Ақсақалдар кеңесiнен тұрады. Оның құрамына 4 мемлекет кiредi: Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және Әзiрбайжан», - деп түйiндедi ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!