Сириядан 6 айда 11 әйел мен 27 бала Қазақстанға жеткiзiлді

Фотография - Сириядан 6 айда 11 әйел мен 27 бала Қазақстанға жеткiзiлді

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында журналистер сауалына жауап берген ҚР сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Қайрат Сарыбай мәлім етті.

277 0

Сириядан соңғы 6 ай iшiнде 11 әйел мен 27 бала Қазақстанға жеткiзiлген. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында журналистер сауалына жауап берген ҚР сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Қайрат Сарыбай мәлім етті.

«Сириядан соңғы 6 ай iшiнде 11 әйел мен олардың 27 баласы Қазақстанға жеткiзiлген болатын. Жалпы, осы алты ай көлемінде 44 азаматқа көмек көрсетiлдi, сонымен қатар 3 қазақстандық азаматтың мәйiтi елге жеткiзiлген болатын (бұл тек қана Сирияға қатысты емес). Сириядағы күрделi жағдай қазiр ғана қалыптасып отырған жоқ. 2 жылдан берi бiздiң Сириядағы консулымыз жұмыс iстеді», - дедi вице-министр.

Оның айтуынша, қазiргi таңда ол жерде қауiпсiздiк мәселесі шешілмегендіктен бұл консул уақытша Ливанның Бейрут қаласынан қызметiн жалғастырып жатыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!