Өскеменде теміржолшыларға ескерткіш қойылды

Фотография - Өскеменде теміржолшыларға ескерткіш қойылды

 Өскеменде теміржолшыларға арналған ескерткіш орнатылды. Оның ашылу салтанатына қала әкімі Темірбек Қасымжанов қатысты

288 0

 Өскеменде теміржолшыларға арналған ескерткіш орнатылды. Оның ашылу салтанатына қала әкімі Темірбек Қасымжанов қатысты.

Ескерткішті ашу құрметі қала әкімі Темірбек Қасымжанов және теміржол ардагері Төлебек Исабаевке берілді. Жалпы мұндай ескерткіш облыс орталықтарының қай-қайсысында болмасын бар екен. Енді көптен күткен шойын паравоз Өскеменнен де орын алды.

Қала басшысының айтуынша, Қазақстан темір жолының Шығыс Қазақстанның және Өскемен қаласының дамуына қосып жатқан үлесі өте үлкен.

Құрметті теміржолшы Төлебек Исабаев соғыс жылдарында темір жолдың майданға қару-жарақ, оқ дәрі, азық-түлік жеткізіп отырған негізгі көлік болғандығын ерекше атап айтты.

Салтанатты шара соңында қойылған мерекелік концерт жиналғандардың көңіл-күйін бір көтеріп тастады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!