ЕЭО құру туралы келісім-шарт 2014 жылдың 1 мамырында әзірленеді

Фотография - ЕЭО құру туралы келісім-шарт 2014 жылдың 1 мамырында әзірленеді

2014 жылдың 1 мамырына дейін Еуразия экономикалық одағы туралы келісім-шарт әзірленеді, деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында.

169 0

«Қазіргі уақытта Кедендік одақтың және Бірыңғай экономикалық кеңістігінің келісім-шарттық құқықтық базасын сәйкестендіру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Соның негізінде 2014 жылдың 1 мамырына дейін ақталуы тиіс және де 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шарт әзірленді», - деді Қ.Сарыбай.

Бұдан өзге, ведомство басшысының орынбасары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Еуразия ықпалдастығы мәселелерімен айналысатын жеке департамент құрылғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 29 мамырда Астанада Ресей, Қазақстан және Белорусьтің Мемлекет басшыларының деңгейінде Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтті, онда тараптар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия экономикалық кеңесін құру туралы келісті.

Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!