Қорғаныс министрлігінің ақпараттық - насихат тобы жолға шықты

Фотография - Қорғаныс министрлігінің ақпараттық - насихат тобы жолға шықты

2013 жылғы 12-17 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихат тобы Шымкент, Тараз қалалары мен Арыс, Жібек жолы, Луговой, Мерке және Гвардейск гарнизондарында болады

151 0

2013 жылғы 12-17 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихат тобы Шымкент, Тараз қалалары мен Арыс, Жібек жолы, Луговой, Мерке және Гвардейск гарнизондарында болады - деп хабарлады ҚазАқпарат

Аталған іс-шараның мақсаты - Қарулы Күштердің оң беделін арттыру және қоғамда әскери қызметті насихаттау, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін және ұрпақ сабақтастығы принциптерін белсендіру, сондай-ақ әскери ортада рухани мәдениет пен шығармашылық бастаманы дамыту болып табылады.

Ақпараттық-насихат тобының құрамында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің өнерпаздары бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!