Әблязовті қайтару жайы қаралып жатыр

Фотография - Әблязовті қайтару жайы қаралып жатыр

Францияда ұсталған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті экстрадициялау мәселесі құқықтық тұрғыдан қаралып жатыр деді бүгін Астанадағы брифингте сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай

124 0


Францияда ұсталған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті экстрадициялау мәселесі құқықтық тұрғыдан қаралып жатыр деді бүгін Астанадағы брифингте сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай.

"Қазір Әблязовті экстрадициялау мәселесінің заңдық жағы қаралып жатыр. Оны қайтаруды Қазақстан, Украина және Ресей сұрап отыр. Франция әділет орындары барлық факторды есепке алуы тиіс деп сенемін" деді Қайрат Сарыбай.

Ол Қазақстанға депортацияланған Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева кепіл төлеген жағдайда Қазақстаннан шығуға өтініш білдіре алатынын тағы ескертті.

Қазақстан 6 тамызда Франциядан Әблязовті қайтаруды сұраған еді.

2005-2009 жылдары «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныстанған. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берген.

Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген -

деп хабарлады  azattyq.org

Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Бұрынғы банкир Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылды.

2013 жылы 31 шілдеде Мұхтар Әблязовты Францияның Муан-Сарту қаласында осы елдің қауіпсіздік күштері ұстады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!