Н.Назарбаев ҚР ауыл шаруашылығы министрін қабылдады

Фотография - Н.Назарбаев ҚР ауыл шаруашылығы министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековты қабылдады

162 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековты қабылдады.

А.Мамытбеков саланың қазіргі ахуалы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы жиын-терін жұмыстарын тиімді жүргізу қажеттігін атап өтті.

– Оңтүстік өңірлерде астық жинау науқаны аяқталып қалды, қазірдің өзінде 1 миллион тоннадан астам астық жиналды. Солтүстік өңірлердегі жағдай алғашында күрделі болған еді, бірақ жауын-шашын көбірек болып, пайдасын да, зиянын да тигізді. Астықтың түрлі мерзімде пісіп-жетілуі ескерілетін жиын-терін технологиясын бақылауда ұстау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

А.Мамытбеков ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны жақсы екенін атап өтті.

– Бүгінгі күнгі негізгі міндет – жиын-терін жұмыстарын жүргізу. Шын мәнінде, оңтүстік облыстарда астық жинау науқаны қазірдің өзінде басталып кетті, ал ол кейбір өңірлерде аяқталуға жақын. Мысалы, Жамбыл облысында астық жинау 94 %-ға аяқталды, астық түсімінің көрсеткіші екі есе дерлік жоғары. Бидай егетін негізгі үш облыс жиын-терін жұмыстарын жүргізуге дайындалуда. Жауын-шашынның жиі болуына байланысты жиын-терін оңайға түспейді. Сондықтан біз егістік жерлер мен техникаларды тисті дайындықтан өткізу үшін ауыл шаруашылық саласы кәсіпорындарымен бірлесе жұмыс жүргізіп отырмыз, – деді ауыл шаруашылық министрі.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы 2013 жылдың астығын уақтылы және сапалы жинап алу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді - деп хабарлады  bnews.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!