Биыл 800-ге жуық адам ҚР азаматтығын алды

Фотография - Биыл 800-ге жуық адам ҚР азаматтығын алды

Бұл жөнінде Астана қаласы ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркін Шомбинов мәлім етті.

266 0

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 781 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алған. Бұл жөнінде Астана қаласы ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркін Шомбинов мәлім етті.

«Биыл 781 адам азаматтық алды, оның ішінде 34 адам Мемлекет басшысының Жарлығымен, 747 адам жеңілдетілген тәртіппен ие болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ҚР азаматтығын 223 адам алды», - деді Еркін Шомбинов.

Қазақстанда тұрақты өмір сүруге 1064 шетел азаматы қалған. Оның 797-сі шеттен келген қандастарымыз. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде олардың саны 353-ті құраған. Сондай-ақ биыл шетелде тұруға 324 Қазақстан азамат ниет танытқан.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!