Павлодар облысы агрошаруашылықтарының машина-трактор паркі жаңартылады

Фотография - Павлодар облысы агрошаруашылықтарының машина-трактор паркі жаңартылады

Павлодар облысының агрошаруашылықтары осы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен лизингке 154 техникаға тапсырыс беріп, келісімшартқа отырған, деп хабарлады облыс әкімдігінен

212 0

Павлодар облысының агрошаруашылықтары осы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен лизингке 154 техникаға тапсырыс беріп, келісімшартқа отырған, деп хабарлады облыс әкімдігінен. Олар - түрлі маркалы тракторлар, егін салу және суару кешендері, жалпы құны 1,6 млрд. теңгеден асатын жабдықтар. Акционерлік қоғамның қарауында тағы 9 өтініш бар - деп хабарлады ҚазАқпарат

Техника сатып алуды қаржыландыру көлемі биылғы жылы 2,5 млрд. теңгені құрайды, бұл бұрынғыға қарағанда екі есе көп. Шаруалардың мемлекеттік қаржылық қолдауға қызығушылығы артып, бұл жағдай өңірдегі машина-трактор паркін жаңартуға мүмкіндік берді. Шаруашылықтар облыс әкімдігімен суармалы егіншілікті дамыту бойынша тығыз жұмыстар жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері агро шаруашылықтар «Reinke», «Valley», «Rainfine», «Qtech» маркалы 12 суару машинасына қол жеткізген.

«Пахарь» ЖШС үшін жалпы құны 390 млн. теңге болатын 26 жаңбырлатқыш қондырғыны қаржыландыру үшін қажетті құжаттар жиналып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!