Сейсенбі күні елімізде найзағай ойнап жауын жауады, күшті жел соғады

Фотография - Сейсенбі күні елімізде найзағай ойнап жауын жауады, күшті жел соғады

Сейсенбі, 13 тамыз күні еліміздің солтүстігі, солтүстік-шығысы, шығысы, шығыс-оңтүстігі мен орталығында ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде найзағай ойнап жауын жауады, жел күшейеді, солтүстікті өңірдің кей жерлерінде тұманды болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

166 0

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында, таңғысын және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңғысын тұман түседі.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыс пен орталықта өте жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Жауынға байланысты жақын күндері Батыс Алтай (Бұқтырма, Оба және т.б.) өзендерінде судың деңгейі көтеріле түседі. Алматы облысының таулы өзендерінде жауынның мол түсуіне байланысты су тасып, сел жүруі мүмкін.

Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!