Күзгі егінді жинауға диқандарға 110 мың тоннадан астам жанармай жеткізілді

Фотография - Күзгі егінді жинауға диқандарға 110 мың тоннадан астам жанармай жеткізілді

деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

215 0

Күзгі егін ору науқанын өткізуге диқандарға 110 мың тоннадан астам жанармай жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биылғы жылы да астықты жинап алу үшін диқандарға арзандатылған дизелдік отын бөлінген. Биыл республика бойынша егін ору науқанын өткізу үшін диқандарға шамамен 410 мың тонна дизельдік отын қажет. 12 тамыздағы жағдай бойынша, жанармай операторлары ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге 111 мың тонна отын жеткізіпті.

Министрліктің хабарлауынша, бүгінгі күні республикада күзгі жиын-терім жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникасын дайындау жоспарлы түрде жүргізілуде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!