Биыл астық шығымы өткен жылдан 2 есе жоғары

Фотография - Биыл астық шығымы өткен жылдан 2 есе жоғары

Өткен жылмен салыстырғанда биыл астық шығымы орташа алғанда 2 есе жоғары. Бұл жөнінде бүгін ҚР АШМ өткен баспасөз мәслихатында агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті.

149 0

«Өткен жылмен салыстырғанда астық шығымы орташа алғанда 2 есе жоғары. Егер өткен жылы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында орташа шығымдылық 8 центнерден сәл асқан болатын, қазір – 16. Ақтөбе облысында астық шығымдылығы сәл төмен. Көп ұзамай астықты аудандар – Хромтау, Қарғалы егін оруға кіріседі. Бұл осы өңірдегі егін шығымдылығын айтарлықтай арттырады», - деді ол.

Мұнымен қатар, комитет төрағасы, бүгінде шегірткемен күрес толық аяқталғанын атап өтті.

«Республика бойынша 3,6 млн гектар жер өңделді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметі бойынша, егіске зиян келмеді», - деп толықтырды ол.

bnews.kz сайтынан

Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!