Қырғызстан Республикасымен шекарада құны 1,8 млн. теңгені құрайтын контрабандалық жүк ұсталды

Фотография - Қырғызстан Республикасымен шекарада құны 1,8 млн. теңгені құрайтын контрабандалық жүк ұсталды

Жамбыл облысының қаржы полициясының қызметкерлері мен шекарашылары Қырғызстан Республикасымен шекарада құны 1,8 млн. теңгені құрайтын контрабандалық жүкті ұстады

222 0

Жамбыл облысының қаржы полициясының қызметкерлері мен шекарашылары Қырғызстан Республикасымен шекарада құны 1,8 млн. теңгені құрайтын контрабандалық жүкті ұстады.

«Ақсу» шекара заставасының учаскесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 13 шақырым жерде «Шевролет-Субурбан» автокөлігі ұсталды, рульде Қырғызстан мемлекетінің Ы. есімді азаматы болған. Қырғызстаннан Қазақстан Республикасына қарай бағытта келе жатқан автокөлік кедендік бақылаудан өтпеген, көліктегі жүкке ілеспе құжаты болмай шықты.

Жамбыл облысы қаржы полициясының қызметкерлері 2038 ә/б шекарашылармен бірге көлікті тексеру барысында кедендік құны 1,8 млн. теңгеден астамды құрайтын халық тұтынатын тауарларды анықтады.

Ұсталған Қырғызстан Республикасының азаматы ҚР ҚК-нің 209-бабы бойынша (экономикалық контрабанда) жауапқа тартылады. Ол Кедендік одақ шекарасы арқылы өте ірі көлемдегі контрабандалық тауарларды өткізіп отырған деп күдіктелуде. Қырғызстан елінің азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды - деп хабарлама ҚазАқпарат

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!