Қазақстандық студенттердің ісі басқа шататта қаралуы мүмкін

Фотография - Қазақстандық студенттердің ісі басқа шататта қаралуы мүмкін

Диас Қадырбаевпен бірге «Бостон ісі» бойынша айғақтарды жойды деп айыпталған Азамат Тәжаяқовтың қорғаушысы істің басқа штатта қаралуына өтініш бермек.

108 0

Диас Қадырбаевпен бірге «Бостон ісі» бойынша айғақтарды жойды деп айыпталған Азамат Тәжаяқовтың қорғаушысы істің басқа штатта қаралуына өтініш бермек.

«Біз істің қаралуын Бостоннан өзге штатқа ауыстыру туралы петицияны дайындап жатырмыз. Мысалға Нью-Йорктің өзінде осы іс туралы естімеген немесе азырақ естіген адамдар табылуы мүмкін. Ал Бостонда бұл тым белгілі және шулы іс», - дейді Тәжаяқовтың қорғаушысы Аркадий Бух.

Естеріңізге салайық, қазақстандық студенттерге Бостондық терактты тергеуге бөгет жасағаны және айғақтарды жою әрекеті үшін 25 жыл бас бостандығынан айыру мен 250 мың доллар көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайндалуы мүмкін.

«Қорғаудың келесі өтініші істің қаралуын басқа штатқа ауыстыру болады. Бұл штатта менің ұлыма адамдар әділ көзқараспен қарайды деп ойламаймын. Бұл менің бостондықтарға сенбегендігім емес. Тек бұл жерде көп адам зардап шекті, қоғамдық пікір қалыптасып қалды. Ал АҚШ заңдары бойынша алқа сотының ешкімге бүйрегі бұрып тұрмауы керек», - дейді Тәжаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұлов.

Сот отырысында сот Мариан Боулер Тәжаяқов пен Қадырбаевқа айып тақты, алайда олар өздерін кінәліміз деп мойындамады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!