Сәрсенбі күні елімізде найзағай ойнап, жауын мен бұршақ жауады деп болжануда

Фотография - Сәрсенбі күні елімізде найзағай ойнап, жауын мен бұршақ жауады деп болжануда

Сәрсенбі, 14-ші тамыз күні Қазақстанның басым аумағына ауыр қысым аумағының әсер етіп, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

259 0

Сәрсенбі, 14-ші тамыз күні Қазақстанның басым аумағына ауыр қысым аумағының әсер етіп, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Еліміздің солтүстігінде тұманды ауа райы байқалады. Шығыс пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде найзағай ойнап жауын жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз Қарағанды облысында бұршақ жауады.

Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Атырау және Батыс Қазақстанның кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады. Елдің оңтүстігі мен орталығында өрт қауіптілігі сақталуда.

Жақын туліктерде жауынға байланысты Батыс Алтай (Бұқтырма, Оба, Тұрғысын, Қара Ертіс және т.б.) өзендерінде судың деңгейі жоғарлайды. Судың деңгейі сондай-ақ Қостанай облысының Үй және Тобыл өзендерінде де көтеріледі.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!