Еліміздің шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді

Фотография - Еліміздің шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

204 0

Қазақстанның басым өңірі жоғары қысымды аумақтың ықпалында болады, тек еліміздің орталығы мен шығысында тұман түседі. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

«Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аумақтарында 15-20 мс. жылдамдықпен жел соғады, күндіз желдің екпіні 25 мс. дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең Ақмола, Қостанай, СҚО, Қарағанды облысының кейбір аумақтарында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз 15-20 мс. жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында, күндіз Атырау облысының кейбір жерлерінде 15-20 мс. жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Атырау, Батыс Қазақстан облысынында, Маңғыстау облысында күндіз аптап ыстық болады»,-деп жазылған хабарламада.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!