Қазақстан мен Қытай екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Фотография - Қазақстан мен Қытай екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрілігінің баспасөз қызметі.

129 0

Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшісі Нұрлан Ермекбаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрілігінің баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қытайдың сыртқы саяси ведомство басшысының Қазақстанға жасалатын ресми сапарына және 2013 жылғы 6-8 қыркүйекте жоспарланған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алғашқы мемлекеттік сапарына дайындалу мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Ван И екі ел басшылары соңғы жарты жылда екі рет кездескелі отырғанын, бұл қазақстан-қытай қатынастарының жоғары деңгейін дәлелдейтінін атап өтті. Ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дамуының негіздері қалыптасатынына сенім білдірді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!