«Самұрық-Қазына» АҚ бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 19,6 млрд. теңгеге жуық қаржы үнемдеді

Фотография - «Самұрық-Қазына» АҚ бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 19,6 млрд. теңгеге жуық қаржы үнемдеді

«Самұрық-Қазына» АҚ 2013 жылдың 7 айында 19,6 млрд. теңгеге жуық қаржы үнемдеді

231 0

«Самұрық-Қазына» АҚ 2013 жылдың 7 айында 19,6 млрд. теңгеге жуық қаржы үнемдеді.

«Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы электронды сатып алу жүйесін іске қосып, қазынашылық операциялар жүйесін ілкі жоба ретінде енгізді. Сол арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ 19,6 млрд. теңгеге жуық қаржы үнемдеді. 2013 жылы 14 тамызда Астана қаласында Қор Басқармасының кеңейтілген отырысында осындай мәліметтер жарияланды. Отырысқа «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев жетекшілік етті», - делінеді хабарламада.

Мәжілісте Электронды сатып алудың ақпараттық жүйесін (ЭСАЖ) енгізу жобасына қатысты бастапқы нәтижелер ұсынылды. Шара барысында ЭСАЖ енгізілгелі бері, яғни, 2013 жылдың 31 қаңтарынан бастап, Қор қарамағындағы компаниялардың толықтай электронды сатып алуға көшкені айтылды.

Сонымен қатар, Басқарма отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ Қазыналық қызметінің, Қор мен бірқатар еншілес компанияларда («Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ) қазыналық операцияларды басқару үлгісін енгізудің ілкі жобасы туралы есебі тыңдалды. Бұл жоба қаржыны тиімді пайдалануға, қарыз жүктемесін азайтуға, Қор қарамағындағы компаниялардың табысы мен құнын көтеруге бағытталған.

Аталған жұмыс өткен жылдан бері қолға алынған және ағымдағы шоттағы қаржы мөлшерін азайтып, олардың депозиттегі көлемін ұлғайту, валютаны сату/сатып алу операциясын орталықтандыру, Қордағы компаниялар тобының банктік тарифтерін төмендетіп, біріздендіру арқылы 15 млрд. теңге үнемделді. Жобаны 2013 жылдың аяғы мен 2014 жылдың басында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық еншілес компанияларына енгізу көзделіп отыр.

Қор басшылығы аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде үнемделетін қаржы көлемі арта түседі және бұл болашақта Қор тобының қаржылық позициясын күшейтуге мүмкіндік береді деп есептейді. Мысалы, электронды сатып алу жүйесі енгізілгеннен кейін жыл сайын үнемделетін қаржы көлемі 20 пайызға дейін жетпек.

Сондай-ақ, Басқарма Мемлекет басшысы жолдауындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобына шетелдік мамандарды тарту мәселесін қарады.

Атап айтсақ, бұл жерде ІТ, телекоммуникациялар мен байланыс, химия, көлік-логистика, электр энергетика, «жасыл» экономика, Тау-металлургия кешені саласына, адами ресурстарды басқару, қаржылық бақылау және тәуекелдер мен өзгерістерді басқару салаларына жетекші ретінде шетелден мамандар шақыру туралы әңгіме болып отыр - деп хабарлады ҚазАқпарат

Қазіргі таңда үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар бекітілген. Қорға лайықты маман іздеуге әлемдегі ірі рекрутингтік компаниялар арасынан іріктеп алынған серіктестер көмектеседі. Жиында белгілі болғандай, бұл жұмыста негізінен «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобына жетекшілік қызметтерге әлемнің үздік компанияларында тәжірибе жинақтаған қазақстандық топ-менеджерлерді көптеп тартуға көңіл бөлінбек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!