Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда облысына келді

Фотография - Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда облысына келді

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бүгін жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды

185 0

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бүгін жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды.

Облыс аумағына қадам басқан бойда Қоршаған ортаны қорғау министрі, үкіметтік комиссияның төрағасы Нұрлан Қаппаров Байқоңыр қаласына келді. Жұмыс сапары барысында Байқоңырда «Протон-М» зымыран тасығышының құлауы зардаптарын жою жөніндегі комиссияның отырысы болды. Онда «Роскосмос» федералды ғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы басқарма бастығы Анатолий Белоконь, Қазақстан «НИЦ Ғарыш экология» ММК Ұлттық ғарыш агенттігінің директоры Жайлаубай Жұбатов, Қазақстан Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнайы өкілі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаев, Байқоңыр қаласының әкімі Александр Мизенцов қалыптасып отырған жағдайға байланысты баяндама жасады.

Мәжілісте Нұрлан Қаппаров пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев оған қатысушылардың назарын аймақта қалыптасып отырған жағдайға ұдайы мониторинг жүргізуді жалғастыру керектігіне аударды. Осы орайда Үкіметаралық комиссияның жұмысын жалғастыруға дайындық керек.

Күннің екінші жартысында облыс әкімі Төретам кентіне аялдап, ондағы жағдаймен танысты. Осында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық магистралінің құрылысын көрді - деп хабарлады ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!