Елімізде 2013-інші жылы салынған ең қымбат құрылыс нысандары

Фотография - Елімізде 2013-інші жылы салынған ең қымбат құрылыс нысандары

Ең қымбат құрылыс нысандарының тізімі жарияланды. Бірінші орынды Астанадағы ең үлкен әрі әдемі күмбезді Әзірет Сұлтан мешіті иеленепті

220 0

Ең қымбат құрылыс нысандарының тізімі жарияланды. Бірінші орынды Астанадағы ең үлкен әрі әдемі күмбезді Әзірет Сұлтан мешіті иеленепті.

Айта өтейік, мешіттің ішіндегі Құран сүрелері алтынмен өрнектелген. Мешіттің алдыңғы жағының қабырғалары табиғи тастармен әрлендіріліп, күмбездері металмен көм¬керіле өрілген. Ал құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізіліпті. Осының бәріне 12,7 миллард теңге жұмсалған. Мешітпен бірге қымбат нысандар тізіміне Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарындағы жекеменшік мұнай бұрғылау скважиналары да еніп отыр. Сондай-ақ Астананың жолдарын жөндеуге кеткен шығын да шаш етектен. Бір төсеген жолды жылына бірнеше рет қайта жасайтын шенеуніктер тек жарты жылдың ішінде бақандай 11 млрд. теңге жұмсаған. Ал, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандар арзанқол құрылыс болыпты. Мысалы, Алматы, Астана қалаларындағы 1200 орындық мектеп пен 800 орындық балабақша бар-жоғы 1 жарым млрд. теңгеге салынған - деп хабарлады baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!