Елбасы түркі әлемі елдерін одан әрі ықпалдастыруға қатысты бірқатар бастамаларымен бөлісті

Фотография - Елбасы түркі әлемі елдерін одан әрі ықпалдастыруға қатысты бірқатар бастамаларымен бөлісті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанның Габала қаласында өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) ІІІ саммитіне қатысуда

183 0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанның Габала қаласында өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) ІІІ саммитіне қатысуда.

Оның барысында Қазақстан басшысы өзінің әріптестеріне түркітілдес мемлекеттерді одан әрі ықпалдастыру бойынша бірқатар бастамаларын жеткізді.

«Мен Сіздермен Кеңестің қазіргі және болашақтағы қызметіне қатысты ойларыммен бөліскім келеді», - деді Н.Назарбаев.

Түркі кеңесінің беделін арттыру мақсатында оның ұйым ретінде институционалдық негізін қалыптастыру үшін барлық күш-жігерді салу қажет. Бұл үшін кейбір маңызды құжаттардың ратификациясын аяқтауды жылдамдату қажет.

Бауырлас халықтар мен көршілес мемлекеттер арасындағы өзара тиімді экономикалық ықпалдастықты дамыту қажет. Бүгінгі күні түркітілдес 6 тәуелсіз мемлекеттің ішкі жалпы өнімінің ортақ көлемі 1 триллион 150 миллион долларға жетеді. Осыған қарамастан, елдер арасындағы тауар айналымы біздің әлеуетімізге сәйкес келмейді.

«Біз өндірістік қуаттарды импорттауға, жаңа технологиялармен алмасуға зор маңыз береміз. Сонымен бірге, біз энергияның жаңа көздерін пайдалануға және «жасыл экономиканы» дамытуға мүдделіміз. Осыған байланысты Астанада жоспарланған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің зор маңызы бар.

Барлық түркітілдес мемлекеттер осы ауқымды шараға белсене қатысады деп сенемін.

Соның арқасында біздің бәріміз үшін маңызды бағыт - туризмді дамыту мүмкіндігі туындайды. Бұл салада тәжірибе алмасуымыз, бірлесе отырып мамандар даярлап, жалпы жолбағытты белгілеуіміз қажет. Осы мақсат үшін Хатшылық ауқымында Туризмді дамыту жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынамын.

Түркі кеңесіне мүше-мемлекеттердің арасында коммуникацияны дамытуға көңіл бөлу қажет. Көлік және коммуникация біздің экономикалық қуатымызды дамытудың негізі болуға тиіс.

Туысқан елдер арасында білім беру, ғылым мен мәдениет саласында ынтымақтастықты одан әрі дмыту қажет. Түркі әлеміне тән тағаттылық, гуманизм, адамгершілік сияқты салаларды кеңінен насихаттау қажет.

ТҮРКІСОЙ-дың, Түркі академиясының, Түркі мәдениеті мен мұралары қорының жұмысына белсене қатысу қажет», - деп түйіндеді ҚР Президенті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!