Алматы облысында Нұртай Әбіқаевтің қатысуымен «Қастек» жаңа шекара бекеті ашылды

Фотография - Алматы облысында Нұртай Әбіқаевтің қатысуымен «Қастек» жаңа шекара бекеті ашылды

Бүгін, 16 тамызда Алматы облысының аумағында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаевтің қатысуымен ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» Өңірлік басқармасының Қаскелең шекара жасағының құрамында «Қастек» жаңа шекара бекетінің салтанатты ашылу рәсімі болды

230 0

Бүгін, 16 тамызда Алматы облысының аумағында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаевтің қатысуымен ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» Өңірлік басқармасының Қаскелең шекара жасағының құрамында «Қастек» жаңа шекара бекетінің салтанатты ашылу рәсімі болды.

Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

ҰҚК төрағасы шекара бекетіне сапары барысында әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысы үшін лайықты жағдай жасау бойынша шараларды жоспарлы түрде іске асырудың маңыздылығын баса айтты. Нұртай Әбіқаев шекарашыларға мықты денсаулық, жауапты да игі істеріне жетістік, сондай-ақ мемлекеттік шекара күзетінде қырағы болуға тілек білдірді.

«Қастек» жаңа бекеті барлық қажетті инфрақұрылымы бар әскери қалашық. Онда шекарашылар үшін қажетті жағдайлар жасалған, жайлы және кең казарма, жатақхана, спортзал, кинология қызметіне арналған орын-жай, ат қоралар мен басқа да нысандар салынған.

Жыл аяғына дейін ҚР Мемлекеттік шекарасын жайластыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның аясында еліміздің оңтүстік және шығыс учаскелерінде бірқатар объектілерді ашу жоспарлануда.

«Қастек» шекара бекеті Қырғызстан Республикасымен ұзындығы 28,5 шақырымға созылған мемлекеттік шекараны күзетеді. 2005 жылдан бері осы уақытқа дейін 20-дан астам мемлекеттік шекараны бұзушы ұсталды. Заставаға қарсы мемлекеттік шекараны Қырғыз Республикасы Чу шекара жасағының «Кемен» шекара бекеті күзетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!