Елбасы түркітілдес елдерге туризмді бірлесіп дамытуды ұсынды

Фотография - Елбасы түркітілдес елдерге туризмді бірлесіп дамытуды ұсынды

деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

135 0

Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барлық түркітілдес мемлекеттер белсене атсалысатынына сенім білдіріп, туризмді бірлесіп дамытуды ұсынды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Бұл жөнінде Нұрсұлтан НазарбаевТүркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі үшінші саммитінің жұмысында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

Қазақстан Президенті біздің еліміз жаңа энергия көздерін пайдаланып, «жасыл экономиканы» дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

«Осы орайда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің маңызы зор. Бұл ауқымды шараға барлық түркітілдес мемлекеттер белсене атсалысады деп сенемін. Осы арқылы бәріміздің ортақ игілігіміз үшін маңызды бағыт – Туризмнің дамуына мүмкіндік туады. Бұл салада тәжірибе алмасу, мамандарды бірлесе даярлау, ортақ саяхат бағдарын белгілеу керек. Сол мақсатта Хатшылық аясында Туризмді дамыту жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!