Биыл Қазақстанда астық сақтауға қатысты проблема болмайды

Фотография - Биыл Қазақстанда астық сақтауға қатысты проблема болмайды

Бүгін Ақмола облысында жаңа астық қоймасының ашылуына қатысқан ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков журналистерге берген сұхбатында осылай мәлімдеді.

185 0

Биыл Қазақстанда астық сақтауға қатысты проблема болмайды. Бүгін Ақмола облысында жаңа астық қоймасының ашылуына қатысқан ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков журналистерге берген сұхбатында осылай мәлімдеді.

«Элеваторларды салған кезде кәсіпкерлер жетіспеушілік байқалатын жерлерді таңдайды. Сондықтан көп жағдайда, қойма тапшылығы байқалатын жерлерде астық сақтау орындары салынады», - деп атап өткен министр биылғы жылы астық сақтауға қатысты жағдайға тоқталды.

«Шамамен алғанда, биылғы жылы жиналатын астық көлемі оны сақтау мүмкіндігімізге сәйкес келеді. Сондықтан үлкен мәселе болмайды. Тек бидайды кептіру бойынша проблема туындайды. Диқандар бұл проблеманы өздері шешуі тиіс», - деді Асылжан Мамытбеков.

Оның айтуынша, 2010 жылдан бері Қазақстанда 1 млн 300 мың тонна астық сақтайтын элеваторлар іске қосылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда ел аумағында жалпы сыйымдылығы 13,9 млн тонна болатын 215 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жұмыс істейді. Мұнымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің иелігінде 10,6 млн тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылықтары бар. Осылайша, еліміздегі астық сақтау орындарының жалпы сыйымдылығы 24,5 млн тоннаны құрайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!