Мемлекет басшысы белгілі металлург Бағдат Шаяхметовтің қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Мемлекет басшысы белгілі металлург Бағдат Шаяхметовтің қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі металлург, Қазақстанның Еңбек Ері Бағдат Шаяхметовтің қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

286 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі металлург, Қазақстанның Еңбек Ері Бағдат Шаяхметовтің қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Бағдат Мұхаметұлының Өскемен титан-магний комбинатында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, қатардағы жұмысшыдан бірінші басшысына дейінгі жолдан өткені атап көрсетілген. Бағдат Шаяхметовтің Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтудағы және еліміздің өндірістік әлеуетін арттырудағы еңбегі жоғары марапаттармен атап өтілген.

«Ол еліміздің экономикасының дамуына және өндірісінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Оның жарқын бейнесі әрқашан есте сақталады деп сенемін», - делінген жеделхатта.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!