Н.Назарбаев түркітілдес елдердің экономикалық байланысын сынады

Фотография - Н.Назарбаев түркітілдес елдердің экономикалық байланысын сынады

Енді еуропаға темір жолмен қатынайтын болдық, яғни елімізде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» темір жолы салынады

255 0

Енді еуропаға темір жолмен қатынайтын болдық, яғни елімізде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» темір жолы салынады. Соның арқасында 2050 жылға қарай еліміз арқылы өтетін жүк тасымалы он есеге артпақ. Ал, жақын күндері қазақстандықтардың Еуропаға пойызбен қатынауына мүмкіндік туады.

Бұл туралы Әзірбайжанның Габала қаласында өтіп жатқан түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының төртінші саммитінде айтылды. Сондай-ақ, туысқан төрт елдің басын қосқан жиында отандық туризм мен көлік қатынасын дамыту мәселесі қызу талқыланды.

Түркітілдес халықтардың татулығы мен бірлігі сөз болатын бас қосуды өткізуге Габала сақадай сай. Мәртебелі қонақтар келетін конгесс-орталықта қазір соңғы дайындық пысықталып жатыр. Қонақжай Әзербайжан ұлты үшін әсіресе асханадағы әзірлік маңызды екен. Азаматтардың қауіпсізідгіне жауапты күзетшілер де қарап тұрған жоқ. Өйткені, санаулы сәттерден соң бұл жерде түркі халқының көшбасшылары жиналады.

Төрт мемлекеттің туыстық байланысы талқыға түсетін жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та келді. Бұл жолы тараптар көлік және кедендік қатынастарды жеңілдету, отандық туризмді дамытудың тиімді жолдарны талқыламақ. Жібек жолы арқылы тарихта қалған түркі халқының бүгінгі басты мақсаты сол ескі жетістігімізді жаңғырту. Ол үшін төрт мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Еуропаға алып баратын көлік жолын дамытып, сауда-саттықтың көлемін арттыру керек, - деді қазақ басшсы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгінгі тәуелсіз 6 мемлекеттің ортақ жалпы өнімі 1 трл. 150 млрд. долларға жетіп отыр. Осыған қарамастан елдер арасындағы сауда-саттық өте төмен. Мәселен, 2012 жылғы мәліметтерге қарасақ, қазақстанның түркітілдес мемлекеттермен сауда көлемі не бары 8 миллиард доллар болыпты. Бұл біздің жалпы сауда-саттықтың алты-ақ пайызы.

Қазір Әзербайжан «Баку-Тбилиси-Карс» темір жолы құрылысының аяқталуын тағатсыздана күтіп отыр. Ал, Қазақстан Ақтаудағы теңіз айлағын кеңейтуді жоспарлауда. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» темір жолы салынады. Егер бұл жобалар жүзеге асса, 2050 жылға қарай еліміз арқылы өтетін жүк тасымалы он есеге артады екен.

Саммит соңында мемлекет басшылары ортақ келісімге қол қойды. Тараптар алдағы уақытта экономикалық қатынасты, әсіресе отандық туризмді дамытуға және жуық арада бірлескен көлік жолының құрылысын бастаймыз деп уағдаласып тарқасты. Енді төрт мемлекет ынтымақтастығының төртінші саммиті Түркияда өтеді. Ал, үлкен жиыннан соң Нұрсұлтан Назарбаев Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан мемлекеттерінің басшыларымен жеке-жеке кездесті - деп хабарлады  baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!