Бірінші жартыжылдықта өнеркәсіптік өндіріс көлемі үш пайызға төмендеді

Фотография - Бірінші жартыжылдықта өнеркәсіптік өндіріс көлемі үш пайызға төмендеді

Павлодар облысында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2013 жылдың қаңтар-шілде аралығында 706,8 млрд. теңгені құрады

115 0

Павлодар облысында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2013 жылдың қаңтар-шілде аралығында 706,8 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда үш пайызға төмен.

Тау-кен өнеркәсібі мен карьер өңдеуде өндіріс көлемі екі пайызға, электрмен қамтамасыз ету, газ беру, ауа кондициялау 3,3 пайызға артты.

Өңдеуші өнеркәсіпте өнім шығару 2,4 пайызға азайды, сумен қамтамасыз ету көлемі, қалдықтарды жинау және бөлу 59,3 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2013 жылдың қаңтар-шілде аралығында 33,8 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 103,5 пайызды құрады.

Жүк айналымы 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайызға артқан.

2012 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 11,2 пайызға, яғни 106,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайған. Көтерме сауда 25,3 пайызға қысқарып, 209,7 млрд. теңгені құрады.

Тұтыну бағасының индексі алты айда 103,2 пайызды көрсетті. Азық-түлік тауарларының бағалары 1,9 пайызға артты, ақылы қызмет көрсету 7,1 пайызға артты - деп хабарлады ҚазАқпарат

Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2,4 пайызға өсті.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!