Атырау мұнай өңдеу зауыты шілде айында 388,1 тонна мұнай өндірді

Фотография - Атырау мұнай өңдеу зауыты шілде айында 388,1 тонна мұнай өндірді

2013 жылдың шілде айының қорытындысына сәйкес, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 388,1 мың тонна мұнай өндірді

121 0

2013 жылдың шілде айының қорытындысына сәйкес, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 388,1 мың тонна мұнай өндірді.

Кәсіпорының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бір айда 33,1 мың тонна бензин, 129,2 мың тонна дизельдік отын, 2,8 мың тонна ТС-1 реактивті отыны, 15,9 мың тонна пеш отыны, 134,5 мың тонна мазутын, 54,4 мың тонна вакуумды газойль, 9,5 мың тонна кокс, 0,1 мың тонна сұйытылған газ өндірілген.

Бір ай ішінде жоғары октанды бензин жалпы өндіріс көлемінің 6,6 пайызын құрады, таза экологиялық дизельдік отынның үлесі - 12,7 пайыз.

Жеті айдың қорытындысы бойынша, «Атырау МӨЗ» ЖШС 2 679,5 мың тонна мұнай өндірді. 268,1 мың тонна бензин, 718,3 мың тонна дизельдік отын, 28,9 мың тонна ТС-1 реактивті отыны, 88,4 мың тонна пеш отыны, 963,4 мың тонна мазут, 400,0 мың тонна вакуумды газойль, 46,5 мың тонна кокс, 8,0 мың тонна сұйытылған газ, 1 мың тонна техникалық күкірт өндірілген - деп хабарлады ҚазАқпарат

Жоғары октанды бензиннің үлесі жеті айдағы жалпы көлемнің 22,4 пайызын құрады, таза экологиялық дизельдік отынның үлесі - 61,22 пайыз.


Тегтер:

Атырау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!