Қытай Сыртқы істер министрі ресми сапармен Қазақстанға келді

Фотография - Қытай Сыртқы істер министрі ресми сапармен Қазақстанға келді

Бүгін ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметов Қытай Сыртқы істер министрі Ван Иды қабылдайды

167 0

Бүгін ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметов Қытай Сыртқы істер министрі Ван Иды қабылдайды.

Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Бұл апта Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды егжей-тегжейлі талқылаумен басталып отыр. Атап айтқанда, бүгін Премьер-Министр Серік Ахметов Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И мырзаны қабылдайды. Сонымен қатар, Қытай сыртқы саяси ведомствосының басшысы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен келіссөздер өткізуде»,-деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Астанадағы кездесулердің басты мақсаты - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ҚР Президенті Н. Назарбаевтың шақыруымен 6-7 қыркүйек күндері елімізге өтетін ресми сапары аясындағы екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жан-жақты талқылау. 2012 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың көлемі 24 млрд. 500 млн. АҚШ долларына жетіп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!