Қазақстанда 50 мыңға тарта сотталғандар бар

Фотография - Қазақстанда 50 мыңға тарта сотталғандар бар

Ағымдағы жылдың тамыз айындағы есеп елімізде бойынша бас бостандығынан айыру орындарында 49883 адам ұсталады, оның ішінде 42 900 сотталғандар және 6 983 тергеу-қамауындағылар

228 0

Ағымдағы жылдың тамыз айындағы есеп елімізде бойынша бас бостандығынан айыру орындарында 49883 адам ұсталады, оның ішінде 42 900 сотталғандар және 6 983 тергеу-қамауындағылар. Мұнан басқа шартты түрде сотталған 17 580 азамат (2 864 әйел, 256 кәмелетке толмағандар) есепте тұр. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОҚК баспасөз брифингінде ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары, юстиция полковнигі Жанат Кешубаев мәлім етті.


Қазақстан әлемдегі 221 мемлекеттің ішінде 100 адамға шаққанда сотталғандардың саны бойынша 31 орында. Салыстыру үшін, 2002 жылы мемлекетіміз 3 орында болған. Бас бостандығынан айыру орындарында адамның конституциялық құқықтары сақталады: ар-ождан және дін ұстанымы бостандығына құқығы, сотталғандардың медициналық қамтамасыз етілуіне құқығы, еңбек ету құқығы, жалпы және кәсіби білім алу құқығы, білікті заң және адвокаттық көмекке және т.б. құқығы бар.Тек, заң кеңесшілерімен ҚАЖ мекемелерінде 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 4 мыңнан астам жеке құраммен және 13 мыңнан астам сотталғандармен іс-шара жүргізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!