Сыртқы істер министрі қытайлық әріптесі Ван Имен кездесті

Фотография - Сыртқы істер министрі қытайлық әріптесі Ван Имен кездесті

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға ресми сапармен келген ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді

423 0

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға ресми сапармен келген ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында ҚР және ҚХР сыртқы саяси ведомство басшылары қазақстан-қытайлық ынтымақтастығы мен халықаралық институттар шеңберіндегі өзара ықпалдастығы мәселелері бойынша, сонымен қатар өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері жөнінде конструктивті диалог өткізді.

Күн тәртібінің негізгі тақырыптарының бірі алдағы айда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапарына дайындық мәселелері болды. Аталмыш сапардың екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ерекше маңызын ескере отырып, тараптар жоғары деңгейдегі шараны өткізуге дайындық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Атап айтқанда, екі елдің мемлекет басшыларының екіжақты кездесуінен бөлек сапар бағдарламасы ҚР Үкімет басшысы мен Парламент Мәжілісінің төрағасымен кездесулерін қамтыған, сонымен қатар екіжақты құжаттарға қол қою, соның ішінде тараптардың тату көршілес, конструктивті және тең дәрежелі қарым-қатынасқа деген ұстанымдарын білдіретін жан-жақты стратегиялық әріптестікті әрі қарай тереңдету жөніндегі Бірлескен декларация да бар.

Қазақстандық тарап ҚХР-дің әлемдік саясаттағы маңызды рөліне, оның әлемдік экономикалық процесстердің локомативі ретінде маңызына, сонымен қоса мемлекеттің халықаралық мәселелерді шешудегі белсенді ұстанымына ерекше мән береді.

Тараптар тұрақты түрде үкімет басшыларының кездесу өткізу практикасы Қазақстан мен Қытай экономикаларының стратегиялық салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуына жол ашады деген пікірге ортақ.

Үлкен саяси сенімнің тағы бір дәлелі, тараптардың шекарааралық өзендерді қолдану мәселелеріне қатысты рационалды және салмақты ұстанымдарды берік сақтап отырғаны болып табылады. Суалмасу мен кіші шекарааралық және шекаралық өзендерден бірлесе су алу мәселелері жөнінде жемісті пікір алмасу тараптардың осы мәселені біртіндеп шешуге деген ұстанымдарын байқатады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жемісті алға тартудың куәсі, екіжақты сауда көлемі болып табылады. Ол 2012 жылы 23,9 млрд. АҚШ долларын құраған болса, тараптар 2015 жылға дейін осы көрсеткішті 40 млрд. АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр - деп хабарлады baq.kz

Әңгімелесуші тараптар көпжақты механизмдер аясындағы, соның ішінде аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерінде күн санап айтарлықтай белсенді рөл атқарып келе жатқан ШЫҰ, АӨСШК аясындағы өзара ықпалдастықтың өзектілігін атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!