Соңғы он жылда ана мен сәби өлім-жітімі сәйкесінше 3 және 1,5 есеге азайды

Фотография - Соңғы он жылда ана мен сәби өлім-жітімі сәйкесінше 3 және 1,5 есеге азайды

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова айтты

239 0

Соңғы он жылда ана өлімі - 3, ал сәби шетінеуі 1,5 есеге төмендеді.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова айтты.

Министрдің атап өтуінше, ана мен бала өлім-жітімі көрсеткіштері мемлекеттің ғаламдық бәсекелестік индексінің негізгі өлшемі ретіне қарастырылады. Бұл ретте, ел Үкіметі тарабынан атқарылып жатқан іс-шаралар ана мен бала денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, соңғы жылдары республикада өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылға ұзарып отыр.

«Кейінгі 10 жылда елімізде туу көрсеткіші динамикасы шамамен 1,3 есеге артқаны байқалады. Халықтың табиғи өсімі 2,1 есеге өсті. Ана өлімі 3 есеге қысқарса, еліміздің ДДСҰ ұсынған тірі және өлі туу өлшеміне көшуіне сәйкес 1,5 есе азайды», - деді ол.

С.Қайырбекованың сөзіне қарағанда, ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің төмендеуі олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі шаралардың арқасында мүмкін болып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!