Қазақстанда кардиохирургиялық оталар саны 23 есеге артты

Фотография - Қазақстанда кардиохирургиялық оталар саны 23 есеге артты

Соңғы 11 жылда кардиохирургиялық оталар саны 23 есеге артты

246 0

Соңғы 11 жылда кардиохирургиялық оталар саны 23 есеге артты.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«Кейінгі 11 жылда кардиохирургиялық оталар саны 23 есеге, оның ішінде балаларға жасалған операциялардың саны 4 есеге артты. 2012 жылдың қорытындысы бойынша емдеудің заманауи әдістерін тәжірибеде қолданудың арқасында балалардың өмірін сақтау 93,2 пайызды құрады», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар С.Қайырбекованың атап өтуінше, министрлік деңгейінде жүкті және босанған әйелдердің қауіпті жағдайларының күнделікті мониторингі жүргізіледі. Кейінгі 3 жылда акушерлік салада қауіпті жағдайлардың 25 пайызға төмендегені байқалады. «Мұндай үрдіс осы жылдың бірінші жартыжылдығында да сақталуда», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!