Әблязовқа байланысты акция өткізгендер ұсталды

Фотография - Әблязовқа байланысты акция өткізгендер ұсталды

Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтың картоннан ойылған суретін Алматының орталығындағы Жібек жолы даңғылындағы алаңқайға қоюға рұқсат сұрап әкімшілікке келген азаматтық белсенді Дмитрий Щелоковты, Қазақстан студенттері мен жастары тәуелсіз кәсіподағының жетекшісі Ринат Кибраевты полиция ұстап әкетті

205 0


Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтың картоннан ойылған суретін Алматының орталығындағы Жібек жолы даңғылындағы алаңқайға қоюға рұқсат сұрап әкімшілікке келген азаматтық белсенді Дмитрий Щелоковты, Қазақстан студенттері мен жастары тәуелсіз кәсіподағының жетекшісі Ринат Кибраевты полиция ұстап әкетті.

Қазақстанның Франциядан Әблязовты қайтаруын талап етіп отырғанын еске салған екі азамат оның суретін көпшілік арасына қойып, жұрттың "Әблязовпен" сөйлесуіне мүмкіндік бергісі келетінін айтқан. Әкімшілікке өтініш жазып, үш күннен кейін жауабы белгілі болатынын білген оларды қайтып бара жатқан жолда полиция ұстап әкеткен.


- Полиция бізден түсініктеме жазуды талап етіп отыр. Біз ешқандай заң бұзған жоқпыз, нені түсіндіруді білмей отырмыз, - дейді белсенді Дмитрий Щелоков Азаттық тілшісіне.

Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына хабарласқан Азаттық тілшісіне кезекші бөлімінде отырған қызметкер "бастықтардан ешкім жоғын" айтты.

31 шілдеде Францияда ұсталған Мұхтар Әблязовты елге қайтару-қайтармауды талап еткен азаматтар мен ұйымдар бұған дейін бірнеше рет жиын өткізді.


Қазақстан билігі де Мұхтар Әблязовты  қайтаруды өтініп, 6 тамызда Францияға сұрау салған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!