Мұхтар Әблязов Франциядан Алматыға "оралды"

Фотография - Мұхтар Әблязов Франциядан Алматыға "оралды"

 Францияда қамауда жатқан Мұхтар Әблязов Алматыға "оралды". Қала тұрғындары экс-банкирге сауалдарын қойып, 100 теңгеге суретке түсуге мүмкіндік алды. Мұхтар Әблязовтің қағаз картоннан жасаған суретін арқалаған белсенділер, қала әкімі Ахметжан Есімовті жұмыс орнына іздеп барды

162 0

 Францияда қамауда жатқан Мұхтар Әблязов Алматыға "оралды". Қала тұрғындары экс-банкирге сауалдарын қойып, 100 теңгеге суретке түсуге мүмкіндік алды. Мұхтар Әблязовтің қағаз картоннан жасаған суретін арқалаған белсенділер, қала әкімі Ахметжан Есімовті жұмыс орнына іздеп барды.

ДМИТРИЙ ЩЕЛОКОВ, белсенді:

Біз қазір әкімдікке бара жатырмыз. Әблязовтың картоннан жасалған мүсінін Арбатта орналастыруға рұқсат сұраймыз. «Әблязов елге қайт!» деп, экс-банкирді сағынып жүрген қала тұрғындары оны құшақтап суретке түсуге мүмкіндік алады. Міне, ол отанына оралды, тек халқы онымен қауышуы үшін әкімдіктің рұқсатын күте тұруға тура келеді - деп хабарлады baq.kz

Әблязовтің өзін көрмесе де, жансыз бейнесімен жұртты тілдестіруді қалаған жастар, шаһар басшысына арыз жазды. Олар Есімовтен тұтқындағы саясаткердің суретін қала орталығы Арбатқа қоюға рұқсат сұрады. Әкімдіктен шыққан шенеуніктер белсенділерден жазбаша өтінішін қабылдап алды. Бірақ, Әблязовтің қағаз бейнесімен суретке түсуге рұқсат бере ме жоқ па белгісіз. Шенділер жауапты үш күннен кейін береміз деп уәде берді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!