Қайрат Мәми БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғарғы өкілімен кездесті

Фотография - Қайрат Мәми БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғарғы өкілімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәми мен БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғарғы өкілі Нассир Абдулазиз әл-Нассермен кездесуінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі мен Өркениеттер альянсы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды

223 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәми мен БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғарғы өкілі Нассир Абдулазиз әл-Нассермен кездесуінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі мен Өркениеттер альянсы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

Нассир Абдулазиз әл-Нассер Қазақстан бастамашы болып табылатын, 2013-2022 жылдардағы мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығын ұлықтау жөніндегі Халықаралық форумға қатысу үшін біздің елімізге келіп отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-сессиясы «Бейбітшілік жолындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды ілгерілету» қарарын қабылдаған болатын.

Әңгіме барысында Қазақстан негізгінен әлем мәдениеті жөніндегі қарарлар авторларының бірі ретінде жүйелі түрде көрініп келе жатқаны аталып өтілді. «БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі болып Қазақстанның сайлануы азаматтар құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етудегі біздің еліміз табыстарының халықаралық тұрғыда мойындалуы екеніне нық сенімдімін», - деп атап өтті Қ.Мәми.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі мен Өркениеттер альянсы арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылай келіп, әңгімелесушілер жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу ісінде дінаралық және мәдениетаралық төзімділік пен келісім рөлін арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды үдету қажеттігін атап өтті.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қазан айындағы Австрияға ресми сапары барысында екі форумның күш-жігерін біріктіруді ұсынған болатын. Біз дінаралық және конфессияаралық үнқатысу мен келісімді нығайту саласында жинақталған мол тәжірибемізді Өркениеттер альянсымен бөлісуге әзірміз», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!