Жыл соңына дейін 7 мыңнан астам әскери қызметкер баспанамен қамтылады

Фотография - Жыл соңына дейін 7 мыңнан астам әскери қызметкер баспанамен қамтылады

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев хабарлады.

140 0

2013 жылдың соңына дейін 7 мыңнан астам әскери қызметкерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев хабарлады.

«Әскери қызметкерлерді жыл сайын тұрғын үймен қамтамасыз етіп жатқанымызға қарамастан, баспананы қажет ететіндер санының артып отырғандығын байқауға болады. 2009 жылы тұрғын үйге мұқтаждар саны 8 мыңнан асса, 2012 жылы олардың саны 11 мыңға жетті», - деді Б.Майкеев.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларын баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй қорындағы үйлерді күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа үйлердің құрылысын жүргізіп, пәтерлерді сатып алумен айналысуда.

«2009 жылдан бастап 6,5 мыңнан астам пәтер мен жатақхана бөлмелері сатып алынып, қолданысқа берілді. Дегенмен, 2013 жылдың 1-ші қаңтарындағы ақпараттарға сәйкес баспанаға мұқтаж әскерилер саны 12 мыңға жуықтады. Жаңа Заңды ескере отырып, 2013 жылдың соңына дейін 7 мыңнан астам әскери қызметкерді тұрғын үймен қамту жоспарланған», - деп атап өтті ол.

Аталған мақсатта 378 пәтер мен 644 жатақхана бөлмесін салу, қолданыстағы тұрғын үй қорындағы 196 пәтер мен жатақханалардағы 23 бөлмеге күрделі жөндеу жүргізіп, 245 пәтерді сатып алу көзделген. Сонымен қатар, әскери қызметтегі әскерилерге өтемақы төлеу жоспарланған.

«Еңбек өтілі 10 жылдан төмен әскери қызметкерлерге баспананы жалдап тұруға 3,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржы шамамен 5400 әскери қызметкерге бағытталады. Ал еңбек өтілі 20 жылдан асқан 251 әскери адамға баспананы тегін жекешелендіру орнына 2,5 млрд теңге өтемақы бөлу қарастырылған», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!