Қырғыздан келетін электр энергиясын тоқтату қажет

Фотография - Қырғыздан келетін электр энергиясын тоқтату қажет

Екібастұздың әкімі Александр Вербняк елімізге Қырғызстаннан жеткізілетін электр энергиясын тоқтату қажет, деген пікірде.

198 0

Екібастұздың әкімі Александр Вербняк елімізге Қырғызстаннан жеткізілетін электр энергиясын тоқтату қажет, деген пікірде.

Көрші елден келетін энергияның салдарынан Екібастұздың электр қуаты мен көмір өндірісіне сұраныс азайған. Көмір өндіру көлемі 98,9%, ал электр қуатын өндіру 93,3%-ды құрайды. Александр Вербняктің айтуынша, өнім көлемі былтырғыға қарағанда аз.

«Бұл кәсіпорындар жұмысының бәсеңдеуімен түсіндірілмейді. Басты проблема сұраныстың аздығынан туындап отыр. Мәселен, «ГРЭС-1» ЖШС-нің 500 мегаваттық бірінші блогы тұралап тұр. Себебі, нарықта сұраныс аз. Елімізге Қырғызстаннан жеткізілетін электр энергиясын тоқтату нәтижесінде ғана жағдай тұрақтанады деген ойдамын», - дейді Екібастұз әкімі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

энергетика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!