Индонезия Дүниежүзілік мұнай конгресін Астанада өткізуді қолдап отыр

Фотография - Индонезия Дүниежүзілік мұнай конгресін Астанада өткізуді қолдап отыр

деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметі.

140 0

Индонезия Қазақстанның Дүниежүзілік мұнай конгресін 2017 жылы Астанада өткізу туралы өтінішін қолдауға уәде берді, деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметі.

«Қазақстан мен Индонезия екі елдің үкіметаралық бірінші отырысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Қазақстандық тарап Индонезияның әріптестерін Дүниежүзілік мұнай кеңесі жанындағы Қазақстан Ұлттық комитеті 2017 жылы Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізуге өтініш бергені туралы хабардар етті», - деп көрсетілген ақпар хатта.

-Индонезия тарапы осы іс-шараны өткізудің маңыздылығын қанағаттанарлықпен атап өтті, сонымен қатар Калгари (Канада) қаласында қазан айында ВНС кеңесінің дауыс беруінде Астананы қолдау мәселесі бойынша Индонезияның Ұлттық комитетімен келіссөздер жүргізуге дайын екендігін білдірді,-деді Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмұрзин.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың басшылығымен қазақстандық делегация сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан мен Индонезия арасында келіссөздер жүргізді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!